ACE – MINEZIN Lyrics
Шақырам биге, кешке келесің бе?
Алдыңнан шығам, сен ұнатқан кеудешемде.
Жарық айдың астында біз күй кешеміз —
Әдемі.
Шет ел аралап, сезім кемесінде,
Махаббат аралына барып көреміз бе?
Бір-бірімізге сондай қатты үйлесеміз —
Әдемі.
Мінезің қандай?
Найзағай кеп соққандай,
Бұлтты аспандай,
Нөсер жауындай,
Кейін күн болып шыққандай.
Мінезің сондай,
Өзіме сай тапқандаймын.
Есім жия алмай
Қалсам да — ұнайды,
Бәрін аламын, қабылдай
Мінезің қандай?
Кімге тартқанай?
Бір сәт көрмесем, біраз күн өткендей,
Сағыныш мені өртеп барад, түн өткізбей.
Қайталайық сол бір кешті, тағы өткізейік —
Қайтадан. Қайталайық.
Мінезің қандай?
Найзағай кеп соққандай,
Бұлтты аспандай,
Нөсер жауындай,
Кейін күн болып шыққандай.
Мінезің сондай,
Өзіме сай тапқандаймын.
Есім жия алмай
Қалсам да — ұнайды,
Бәрін аламын, қабылдай
Мінезің қандай?
Айтшы, кімге тартқанай?
Бұлтты аспандай,
Нөсер жауындай,
Кейін күн болып шыққандай.
Мінезің сондай,
Өзіме сай тапқандаймын.
Есім жия алмай
Қалсам да — ұнайды,
Бәрін аламын, қабылдай.
Мінезің қандай?