Әдемі-Ай дуэті – Қазақ полициясы Lyrics
Қазақ елі тыныш болсын, бейбіт болсын көшең де,
Түн ұйқысын төрт бөліп, күзет тұрар шептерде.
Батыр жүрек, темір тәртіп бәрі заңның аясы,
Елдің тыныштығын сақтар қазақ полициясы.
Қазақтың батыр полициялары,
Халқы үшін жандарын қияды.
Аман болсын әрдайым тек алға,
Жасасын елдің қыраны.
Елім деген, жерім деген елдің батыр ерлері
Тәртіп сақтап қоғамда бәрін заңмен тергейді.
Еңселері биік болсын асқақтасын мерейі,
Генералдық шенге лайық қазақ полицейлері.