Айгерім Мамырова — Анажан Lyrics
Сөзі:
Aigerim Mamyrova — Anajan.
Аялап көлдей,
Нұр шашып күндей
Жанына мені балаған
Көңілі көктем,
Мейрімін төккен,
Аяулым сенсің, анажан
Асыл әнімсің, жазғы таңымсың
Өзіңмен нұрлы жолдарым
Тылсым жылдарда,
Қиын сындарда
Тілегің – менің қорғаным
Қайда жүрсем де,
Ойым бір сенде.
Сенімің болды тұмарым
Болсам деп бірге,
Сағынам күнде
Жан ана сенсің
Жыр әнім
Асыл әнімсің, жазғы таңымсың
Өзіңмен нұрлы жолдарым
Тылсым жылдарда,
Қиын сындарда
Тілегің – менің қорғаным
Асыл әнімсің, жазғы таңымсың
Өзіңмен нұрлы жолдарым
Тылсым жылдарда,
Қиын сындарда
Тілегің – менің қорғаным