ALATAU serileri — QAZAQ Lyrics
Алатау серілері — Қазақ.
Алихандардың арын сақтайық
Ахметтердин канын сактайык
Алашорданың аманат қылған
Алашқа ортақ жерін сақтайық
Бабаларымның қанымен келген,
Аналарымның жанымен келген.
Арыстарымның жолымен келген,
Жетім — жесірдің зарымен келген.
Тілді сақтайық
Дінді сақтайық
Ділді сақтайық.
Қазақ
Ұлтыңды сақта руға бөлінбе Қазақ
Бөлінсең бөрі талар түбінде қазақ
Біріңді бірің аяқтан тартпай
Біріксек байрақ мәңгі көгің де. (Қазақ)
(2-ш)
Ұлт үшін уды ұрттап өлдеген,
Алты алашына атқа мін деген
Абылай бабам үш жүзді жинап,
Ұлттың намысын сыртқа бермеген.
Біріңді бауыр бірің дос деген
Біріксек бірлік бүлінбес деген
Ата жауыңның алдында сонда
Алтын басыңмен бугілмес денең.
Сұлтандарың да
Тұлпарларың да
Сүрінбес деген.
Қазақ
Ұлтыңды сақта руға бөлінбе Қазақ
Бөлінсең бөрі талар түбінде қазақ
Біріңді бірің аяқтан тартпай
Біріксек байрақ мәңгі көгің де. (Қазақ)
(3-ш)
Бар қазақ тыңдасын,
Бір қазақ сөйлесін.
Қазағым барлығың,
Біртұтас денесің.
Барлығың бауырсың,
Бәрің бір төбесің.
Біріңді бірің кеп,
Сонда да сөгесің.
Бетіне мақтайсың ,
Артынан даттайсың.
Анығын ақтармай,
Құр сөзге ересің.
Бір қазақ өссе егер,
Өсекке көмесің.
Бөліне берсеңдер,
Жеңіле бересің.
Жеріңді тонатпа,
Жереңе егесің.
Еліңді талатпа,
Еліңе төресің.
Бір болсаң қазағым,
Өсесің өнесің.
Барлығың біріксең,
Барлығын жеңесің.
Бөлінсең азағым,
Күн сөнбей сөнесің.
Төмендеп төріңнен,
Жауыңа көнесің.
Айрылып жеріңнен,
Әр елді кезесің.
Өзге елде туылып,
Өзге елде өлесің.
Қазақ
Ұлтыңды сақта руға бөлінбе Қазақ
Бөлінсең бөрі талар түбінде қазақ
Біріңді бірің аяқтан тартпай
Біріксек байрақ мәңгі көгің де. (Қазақ)