Алишер Каримов — Қазақтын келіндері Lyrics
Сөзі:
ALISHER KARIMOV — QAZAQTYN KELENDERI.
Келін түскенде бәрі,
Қуанар жаспен кәрі тілегін айтып, той тойлап
Әке-ана арманы,
Оның орындалғаны қызының баратын үйдің бағы болғаны!
Өмірдің қызық шағы,
Әркімнің сүйген жары жанында болса мәңгіге.
Ата-ене арманы,
Оның орындалғаны ұлының адаспай жақсы келін алғаны.
Қайырмасы:
Таңертеңнен кешке дейін тынбайтын,
Қазағымның келіндері-ай…
Жанұяның жақсылығын жырлайтын,
Қазағымның келіндері-ай…
Күйеуінен бірақ биік тұрмайтын,
Қазағымның келіндері-ай…
Бақыттың атар таңы,
Жарының аппақ ары бәріне болса өнеге.
Күйеулердің арманы,
Оның орындалғаны өмірін жалғайтын ұрпағының қалғаны.
Жағылар үміт шамы,
Келіннің жақсы жағы көрінсе егерде енеге.
Келіндердің арманы,
Оның орындалғаны қызындай көретін үйге келін болғаны!