Аман Амирханов – Бақ берді Алла Lyrics
Көздеген мақсат адастырмайды
Жолың қалмайды баспаған
Ұмытпа жолда тек бір Құдайды
Алладан ешкім аспаған
Сынаққа сынба өмір жолында
Сынақтан ешкім қашпаған
Өмір өзгерту сенің қолыңда
Қуаныш келер тоспаған
Сағанда бақты берер
Қаласа Алла
Жаныңа мұңайып сен
Жара салма
Таласса тағыңменен
Таласар тек
Бағыңмен хақысы жоқ
Таласарға
Құлама босқа құлазып күнде
Құрсаудан сенде шығасың
Күн туар саған міндетті түрде
Түбінде адам боласың
Шыдай тұр тағы шыдасаң саған
Сыйын төгеді бір Алла
Тығырыққада тірелген кезде
Жол табылады шығарға