Amre – Аққуым Lyrics
Бақытыңды басқадан іздедің сен,
Аяулым, асылым.
Үмітімді өзіңнен үзбедім мен,
Аңсадым, ғашығым!
Неліктен махаббаттың гүлі солды,
Айтылды жүрек жыры соңғы.
Қарамадың бұрылып,
Менен мәңгі түңіліп.
Кеткені ме
Пәк сезімдер суынып?
Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді…
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!
Тағдырдың жазуына бар ма шара,
Қош, менің – қымбаттым.
Жүрегіңде жалын от қалмаса да,
Соңғы рет тіл қаттым.
Бақытыңды тілеймін кетсең шалғай,
Жүре алмаспын есіме алмай.
Қатар ұшқан сыңарым,
Сөнді сезім – шырағым.
Өзіңе арнап жазылған жыр-әнім.
Amre Lyrics
- Amre – Арман қыз
- Amre – Керім
- Amre (Бүркіт) – Сен көріктісің
- Amre – Кластастар
- Amre (ft. AYAN) – Sen gana
- Amre (Бүркіт) – Жылтыр көйлек
- Amre (Бүркіт) – Жүрек үні
- Amre & Sabirkin – Бойы бұлғаң
- Amre & Құрмаш Махан – Аяулым
- Amre (Бүркіт) – Өкінбе сен
- Amre – My Dunya
- Amre – Особая
- Amre, Erke – 1ge (Birge)