ARO — Қимастық жыры Lyrics
Қою қоңыр күз
Сені маған сағым қылды
Бұғанам босап
Сенсіз менің сағым сынды
Оралма маған
Оралуға кешіктік біздер
Сенде және де менде
Жанымды тербе
Жалғыздықтың ашшы әуені
Мінімді көрме
Өзіңдікін ашшы әуелі
Менің ішімде
Қуыс жатыр толтырылмайтын
Тоналған өзге жанмен
Біз қуған арман
Орындалмай қаза болған күн
Ол мені жалғыз
Бақытымнан айырған түн
Ол сені ақ отауға ап барады
Абыройыңды ақтарады
Бір өкінбей от жанары
Жақындауға оқталады
Сонда сенің маған деген
Ақ сезімің жоқ болады ма?
Сен одан өтінесің өкіресің
Серуеніңе өкінесің
Ала боздап таң атқанда
Әйел болып жетілесің
Мендік жүрек не тілесің
Өзіңді өзің өлтіресің бе?
Әлде оны кешіресіңбе?
Талай қоңыр күз
Мені есептен жаңылдырды
Нәзік сезімсіз
Қошсыз көңіл жаным мұңлы
Ақырыңды іздеп
Таптым кеткен ауылыңды
Жақтым қайта үмітімді үзген
Үміт жай көру
Қал жағдай білу жайды ұғу
Шалға шай құю
Ұғып қоярдан қаймығу
Бір бала көрсем
Менен бе екен деп ой құру
Дәл солай болса егер
Қан жұтып қайғыру
Біз қуған арман
Орындалмас қаза болды күн
Шал мені жалғыз
Бақытымнан айырған түн
Ол сені ақ отауға ап барады
Абыройыңды ақтарады
Бір өкінбей от жанары
Жақындауға оқталады
Сонда сенің маған деген
Ақ сезімің жоқ болады ма?
Сен одан өтінесің өкіресің
Серуеніңе өкінесің
Ала боздап таң атқанда
Әйел болып жетілесің
Мендік жүрек не тілесің
Өзіңді өзің өлтіресің бе?
Әлде оны кешіресіңбе?