AUKA — JAN JARYM Lyrics
Сөзі:
[Жан жарым]
1. Жаным менің,
Тәңірім сыйлаған.
Әр күлгенің,
Ерекше сый маған.
Саған деген сезім,
Өшпейтін мәңгілік жалын.
Берейін саған,
Сол жалынның бәрін.
Қандай бақыт қасымда болғаның,
Жан-жарым-ай.
Қызық емес сенсіз дым, айналам,
Жан-жағым-ай.
Сенсің басыма жазылған,
Бар бағым-ай.
Жазған әнімді.
Өзіңе арнадым-ай.
2. Айдан анық,
Саған берген сөзім.
Қандай жарық,
Мөлдіреген көзің.
Жарығым-ау менің,
Қасымда болсаң әрдайым.
Ойымнан сонда,
Кетеді бар уайым.
Қандай бақыт қасымда болғаның,
Жан-жарым-ай.
Қызық емес сенсіз дым, айналам,
Жан-жағым-ай.
Сенсің басыма жазылған,
Бар бағым-ай.
Жазған әнімді.
Өзіңе арнадым-ай.