Айбар Албан — Көрікті ару Lyrics
Сөзі:
Аңсадың ба,
Жоғалтқан асылыңды?
Неге жасым жанарға жасырынды.
Елеңдеймін әркімге есім кетіп,
Кездестіріп қалардай, ғашығымды.
Жан-жараңды тырнайды,
Жүректе мұң.
Жолығуды аңсаймын, тілеп пе едің?
Қай әлемде жүр екен періште ару,
Бұлтқа орап ап,
Түсімде түнеткенім.
Елесіңде жоқ болды хабарың да,
Жасаурайды,
Жас толып жанарымда.
Күздің суық ызғары, тоңып барам,
Нұр ойнатшы қар жауған қабағымда.
Айым ба едің,
Нұр шашқан аспандағы?!
Ақ арманым ақша бұлт, аспандады.
Ақ періштем,
Өзіңе ұмтылсам да,
Өмірімнің жетпейд-ау баспалдағы.