Бағлан Әбдірайымов – Жетпейді Lyrics
Сағанда бір зат жетпейді
Мағанда бір зат жетпейді
Араның ашқан дүние
Қабірден ары өтпейді
Тоқтамай шауып күнімен
Тоқтамай шауып түнімен
Анаған жағам деп
Мынаған жағам деп
Мақшарға адам оу беттейді
Жас кезде көңіл көктейді
Қартайсаң солған шөп дейді
Маңдайға жазған несібең
Тепсеңде кері кетпейді
Түсінбей соны көп пенде
Дүниеге қолы жеткенде
Ісініп тасынып, әлсізді басынып
Имандылықтан ей шеттейді
Бір істі бір іс зерттейді
Біреуді біреу ептейді
Біріне бірі адамдар
Мейірім неге төкпейді
Өтеді жалған бес күнің
Қалмайсың мәңгі ешбірің
Иманмен көктеуге, сыйласып өткенге
Жалғанға бақыт ол жетпейді