Балжан Жарқынбек — Жалында Lyrics
Сөзі:
Өтеді күндер, зымырып ай,
Өтеді жылдар аялдамай.
Өткізіп алма бар күніңді
Қайтар(а) алмай, қайтар(а) алмай.
Кездерге өткен қайтып бармай,
Алаңдап көңіл жай таба алмай.
Қалмашы келер бақытыңды,
Байқай алмай, байқай алмай. (Хэй)
Жалында жүрек жалында,
Бойыңда жалын барында.
Арман жолында, сүрінбей бәрін қабылда (хэй)
Берілме мұңға, жүректі тыңда (ооу!)
Өмірге мұңлы қарап тұрмай,
Өмірді жайлы ойын қылмай.
Тәуекел ет бақыт үшін,
Уайымдамай, уайымдамай.
Жүрегім сенші өмір солай,
Сезімді қиындатпа олай.
Бәріне ғажап лайықтысың,
Жүрек жалын, жаным осылай.