Bars Qaba & Akbota Qaba – Қос бәйтерек Lyrics
Әкешім пана болған биік шыңым
Үйреткен мына өмірдің барлық сырын
Жер бетін кезгеніммен сендердің көздеріңнен
Төгілген жылылықты ешкімнен сезбедім мен
Анашым ақ сүт беріп мәпелеген
Кешірген көп кетседе қате менен
Анамның алақаны, әкемнің қарағаны
Ұқтырды біз екенін бақытқа балағаны
Сендердің арқаларың жүргеніміз
Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз
Менің қос бәйтерегім, сендерсіз қайтер едім
Әрқашан бірге болсақ түгел ғой бар керегім