Бауырбек Бектемиров – Туған елім Lyrics
Шаңырағы – көк аспан
Шексіздікке жол ашқан
Жүректілер мекені –
Ынтымағы жарасқан
Рухы биік тұрған ел
Даласы – дән, қырман ел
Күн еңселі
Сүйем сені
Туған елім
Туған елім менің
Байтақ далам бақ шығар
Аманат қып тапсырар
Оттан да ыстық Отаным
Сеннен ыстық жоқ шығар
Әр баласы – бір батыр
Ел өсірген қыр жатыр
Сенде өскен перзентте
Таудай биік тұлға тұр