Бауыржан Жакупов — Әкесіз оянбайық Lyrics
Сөзі:
Әкесі жоқ адамды аяп жүрмін
Әкесі бар адамға қарап жүрмін
Әкесін сағынып жүр жоқ біреулер
Әкесін ренжітеді бар біреулер.
Әкенің керек емес ештеңесі
Әкенің керек бізге бір іргесі,
Қарайып биік шында отырсыншы.
Қорғанғой оның бізге көленкесі.
Биік биік құздарды көріп келем.
Биік биік таулар бар алып деген.
Сол шыңдардың біріде биік емес.
Ең биігі сол таудан әке деген.
Әкесін сыйлағанды Аллам сүйсін.
Әкедей қандай адам сені сүйсін .
Әкесіз оянбайық шырт ұйқыдан.
Барында қадірін біл аман жүрсін.