Бекзат Сәкенұлы & Айдана Досымжан – Тамды аруы Lyrics
Жанарың жас көктемнің жамалындай,
Жүрегің махаббатың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай.
Еркемай!
Ебелектей желді аңсаған,
Көбелектей гүлді аңсаған,
Келем саған.
Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай!
Еркемай!
Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымыңа.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа!
Еркемай!