Бердияр Пайз – Бақытты боламыз Lyrics
Арайлап таң атса
Құстар әуезді ән салса
Сенің есіміңмен оянатын
Таңдарым көп болса.
Қолыңды бер таңда
Ұшайық бірге арманға.
Самғайық екеуміз қол ұстасып
Ғажайып таңдарға!
Әліде ұзақ жол жүреміз
Мәңгі өмір сүреміз бірге
Болса күз біз жаз боп қаламыз
Бақытты боламыз бірге боламыз
Қарашы аспанға
Жұлдыздардан сен жасқанба
Бәрібір олардың сұлулығы
Өзіңнен асқанба
Қолыңды бер қане
Бақыт қол бұлғап тұр әне
Біз екеуміз жаным талай талай
Шыңдарға жетерміз