Берік Сансызбай — Қарындасым Lyrics
Сөзі:
Айналайын әппағым,
Ұзатылып барасың.
Ақ отауға аттаған
Құтты болсын қадамың!
Артта қалған еліңнің,
Абыройы бол қалқам.
Арқа сүйер еріңнің
Ақыл-ойы бол қалқам!
Қарындасым – қарлығашым!
Қарашығы көзімнің.
Барған жерің бағыңды ашсын,
Гүлге толсын өмірің!
Бақытыңа құшақ ашып,
Жанарыңнан жалын тасып,
Аттанасың жаным бүгін
Алабұртып көңілің…
Қимай тұр-ау ата-анаң,
Жұлып беріп жүрегін.
Жылап тұрып бар ғалам
Саған бақыт тіледі!
Отауыңа қонсын құт,
Таси берсін дәулетің.
Үлгі тұтқан бүкіл жұрт
Келіні бол әулеттің.