Darhan Qali — Alqa Lyrics
Сөзі:
Жүрегімді ап қалып ең,
Мен қалаға аттанып ем, көктемде!
Қатты-қатты қимағанмын,
Саған алқа сыйлағанмын кеткенде!
Хаттарымда айтып бердім,
Бір жыл өтті қайтып келдім аппағым,
Махаббат пен сезімді де,
Алқаңды да өзіңді де, таппадым!
Алқаң бар ма әлі мойында?
Сол бір сезім бар ма бойыңда?
Сағындың ба мені мойында, мойында!
Кім ойлаған сынадың кеп,
Қонақ болып тұрамын деп тойыңда.
Бағың соған байланды ма?
Естелікке айналды ма алқамыз?
Сағынышпен айға да ұшып,
Жүруші еді байланысып ортамыз.
Ұмытсаң да сен егер деp
Мендік көңіл сен дегенде аппақ қой,
Менен қалған бір белгі деп
Сен алқаны мәңгілікке , сақтап қой!