DARICORN – Кейіпкерім Lyrics
Сен білмессің ,бірақ мен
Қуат алдым өзіңдегі шуақпен ,
Мен іздедім ,бірақ сен
Әр сұраққа жауап бердің көзіңмен
Түнек болды сен келмедің ,
Өміріме енгенің ,
Жарық бердің жаныма
Емдедің
Менің өмірімнің кейіпкері басты ,
Көзімді аштың
Бұлттардан астым
Сен арқылы алға қадам бастым
Өмір жалғасын ,
Өзіңнен таптым
Мен әрдайым ,тек саған
Таусылғанша бір өзіңе арналам
Сезілесің тек маған
Жылудайын ,болсаң дағы жаураған