Diana Ismail – Auylym (Ауылым) Lyrics
Өскен жер кең ұяң
Бәрінен биік бағасы
Кәрі тау бөктері
Ағынды судың жағасы
Көк шалғын белі бар
Орманның қалың ағашы
Ауылым кең далам
Мен сол даланың баласы
Ауылым-ай жердегі жәннәтім
Мен өзіңе қайта көшемін
Көрпе төсеп қарсы алатын
Өлең төсегім
Еш қалаға мүлде тең келмейтін
Бәріне де ашық есігің
Құшағында мәпелейтін
Алтын бесігім
Сағындым ауылым
Самал жел ескен даламды
Сен жайлы саламын
Көкейде жатқан бар әнді
Естисің білемін
Ержеткен өскен балаңды
Шет кетсем өзіңнен
Көретін күнім қараңғы
Ауылым-ай жердегі жәннәтім
Мен өзіңе қайта көшемін
Көрпе төсеп қарсы алатын
Өлең төсегім
Еш қалаға мүлде тең келмейтін
Бәріне де ашық есігің
Құшағында мәпелейтін
Алтын бесігім