Елдос Үмбетәлі — Мәреге дейін шап Lyrics
Топырағы жаңарып дала жатыр,
Тұлпарлар дүбірлетіп бара жатыр.
Ағайын қиқуға сал қошемет соқ,
Бір жүйрік жеке дара келе жатыр.
Атыңды бапта.
Аламан топқа
Өр сайға жүргіз,
Аққарды тапта.
Тау — тасқа шығар,
Өкпесін ашта.
Ащы терін ал,
Жабуын жапта.
Тағасын соқта,
Тұяғын сақта.
Таңасырып ал,
Шабатын шақта.
Балаңдай қара,
Тазаған атқа.
Бақ таластық жоқ,
Бұйырған баққа.
Шап….
Бабадан қалған,
Дәстүрді сақта.
Аттадан қалған,
Атыңды сатпа.
Ғұрып бар сондай,
Ғұнменен сақта.
Шарихат — шартта,
Сауапбар атта.
Жылқы сыналар,
Салынса ноқта.
Жігіт шындалар,
Барменен жоқта.
Құдайға тапсыр,
Дүбірден қорықпа.
Соңға айналымда,
Тізгінді тартпа.
Шап..
Мәреге дейін
Мәреге дейін
Мәреге дейін
Мәреге дейін
Мәреге дейін
Мәреге дейін
Шап.
Кіл жүйрік қалқып,
Шауып барады.
Қыл құйрық тартып,
Қалып барады.
Бір жүйрік тарпып,
Озып барады.
Бөктердің желін,
Жарып барады.
Қамыс құлағын
Қағып барады.
Құйма тұяғын,
Қарып барады.
Адаммен атта,
Намыстанады.
Ат емес аста,
Намыс шабады.
Шап…
Қамшысын Жәкей,
Салып барады.
Тізгіннен қолы ,
Талып барады.
Жүйрігі судай,
Ағып барады.
Сауырдан тері,
Тамым барады.
Атбегі атты,
Танып баланы.
Ақылын айтты,
Анық маманы.
Құдай қалады,
Халық қарады.
Шын жүйрік,
Енді анықталады.