Феруза Нұрланқызы — О, Адамзат! Lyrics
О адамзат!
Тың әлем!
Ғұмыр кешпе күнәмен.
Табиғатқа перзентпіз-
Ол да,
сен де,
мына мен.
Айта берсек түбі аңыз,
Табиғатты бұ нағыз-
Баршамыз да ендеше,
Анамыз деп ұғамыз.
Табиғатым- тағдырым,
Қуанышым- таң нұрым.
Табиғаттан танырсың,
Сырларымның сан қырын.
Менде қандай тыным бар,
Өткеремін сыныңды әр.
Мен қуансам күн күліп,
Жұлдыздарым жымыңдар.
Аспандағы ай аунап,
Бара жатыр баяулап.
Түн қабағы мұңайсам,
Көрінеді қаяулы- ақ.
Қаңқу-сыпсың сөз теріп,
Көкіректі бір керіп.
Атақ- мансап қумастан
Табиғатқа бол серік.
Шалқар шексіз суым бар,
Қалың жыныс-нуым бар.
Орманды өртеп,су ластар
Тексіздерді қуыңдар.
Тыныштығы ол ғаламның,
Қарекеті қаламның.
Ас арқауы адамның-
Дархандығы даламның.
Бөлінбеген іргеміз,
Табиғатпен біргеміз.
Біріктіріп тұр біздің
Бәрімізді бір негіз.
Ал айталық саған біз,
Қалдыр мына заманға із.
Табиғатты қорғасақ,
Баршамыз да аманбыз.
Салиқалы жамағат,
Бұл табиғат ғаламат!
Үндеуімен біздердің
Болашаққа аманат !
О адамзат!
Тың әлем!
Ғұмыр кешпе күнәмен.
Табиғатқа перзентпіз-
Ол да,
сен де,
мына мен.