Ғалымжан Жолдасбай – Сағыныш Lyrics
Мен өзіңді сағынғанда
Дүниеде жұмыс тоқтап
Әлем бір сәт демалатын.
Қауырсынын қалыңдатып
Құстар қыста оралатын.
Табиғаттың бар тылсымын
Сағынышым жеңе алатын.
Мен өзіңді сағынғанда
Дерті барлар сауығатын.
Жоғалғандар табылатын.
Бақ қақпасы ашылатын,
Мұң есігі жабылатын.
Аққан жұлдыз жарты жолдан
Көк аспанға тағылатын.
Мен өзіңді сағынғанда
Дұшпан дос боп дұшпанына.
Жүрек тілін түсінетін
Жортқаны да, ұшқаны да.
Көктем күліп отыратын
Қасарысқан қыс тағына.
Бұлттар жерге гүл өсіріп
Жел тағатын құс жолына.
Мен өзіңді сағынғанда
Жердің беті жадыраған.
Жүректерден жарық алам
Сол жарықта мағына мән.
Жаяу алыс, жеткім келді
Қанатымды қағып оған.
Тек Мен ғана солай сүйіп
Тек Мен ғана сағына алам.
Мен өзіңді сағынғанда
Ертегілер шынға айналды.
Қараңғы түн нұрға айналды.
Көре алмайтын күңшіл мынау
Тіршілікте тіл байланды.
Бақта ән салған бұлбұл жүрек
Дүрсілімді тыңдай қалды.