Gazizkhan Shekerbek & Edil Gabbas – MANTRA Lyrics
Жүрегімде қаным тулап жатыр
Жанарыма жұлдыз құлап жатыр
Жалғыздықтан сезім жылап жатыр
Жаратқанның әлде ісі ме екен
Алаңдатқан әлде түсім бе екен
Махаббаттың тылсым күші ме екен?
Сені сүю періштеге айналу
Сені сүю елестерге байлану
Сені сүю қауызында гүлдердің
Дір-дір етіп көбелекше ойлану
Жол жетеле алға мені
Ғашық боп қалған едім
Әуреге салма мені
Сен сыйқырлап қойған мені
Сыйқырды жойма енді
Өлтіріп қойма мені
Көкейімде жатқан мұңды ақтаған
Сағынышта енді қымбат маған
Осы хәлім неге жұмбақ маған
Жүрегіне сезім жоламаған
Жанарынан сәуле тарамаған
Махаббатсыз өзі бола ма Адам?
Сені сүю періштеге айналу
Сені сүю елестерге байлану
Сені сүю қауызында гүлдердің
Дір-дір етіп көбелекше ойлану
Жол жетеле алға мені
Ғашық боп қалған едім
Әуреге салма мені
Сен сыйқырлап қойған мені
Сыйқырды жойма енді
Өлтіріп қойма мені