Jolaman — Ағаларым Lyrics
Сөзі:
Ағаларым менің алынбас қамал,
Арқа сүйер маған бауыр, дос солар
Асқар таудай көріп, еркелеп жүрмін
Селт етпеген жүрек сағынбас болар.
⠀
Ағаларым менің, қалың орманым
Үйдің емес, елдің қамын ойладың
Маңғаздарым менің мақтаныштарым
Төмендемесе екен абыройларың!
⠀
Сендер жайлы бір ән санада жүрді
Бере алмайды бұл ән бағаларыңды
Көріп өстім көзін, тыңдап өстім сөзін
Ардақтаймын өзім, ағаларымды!
⠀
«Аға» -деген алтын парқын білейік,
Сіздер барда біздер жарқын күлейік.
Жарқын өмір сүріп, жүзге жетіңдер
Ағаларым бар деп айтып жүрейік!!!