akimmmich feat. Turar – Aramyz Lyrics
Түнде жүрсің нені ойлап Арайлым…
Мен сені әлі қалаймын
Сағынсам қайда барайын
Қазір жүрсің нені ойлап Арайлым…
Өзгертті сені қалай кім?
Көздерінде тұр талай мұң…
Арамыз енді айтшы не болып кетті?
Телефонның толып хаттарға
Мінезінде қалай өзгеріп кетті
Ақ жүрегің енді қап-қара
Арамыз енді айтшы не болып кетті
Махаббатта сондай заң бар ма?
Біреу ғашық болды
Біреуі кетті
Мені түсінетін жан бар ма?
Мұндай сезімге түкіргенім бар
Жоқ оның жақсы барынан
Таптың ба деп ем қалағаныңды
Жә тәжірибе болдым ғой тағы да
Иә сағынамын бірақ амалым жоқ
Іштегі сезімді өлтірем
Менің де жүрегім мәңгі емес
Қашанғы беремін жалына
Ей тыныш түн мен тырыстым
Алдын алып бар ұрыстың
Ия мен өзімде періште емеспін
Бірақ адал болуға тырыстым
Алайда төзім жеткіліксіз
Алдана беруге тағы да
Болды енді жаным бара бер
Қосалқы варианттарыңа