Kalifarniya – Tolgan-ai Lyrics
Көзің толған ай,
Толғанайдай болғаны ай.
Жүрмін соны қорғамай,
Мен қалай?
Сезім солғаны ай,
Естай сүйген Қорлан ай.
Қалай жүрміз сол жұптарды
Соңдамай?
Махаббат деген — сөзсіз түсіне алу,
Жаныңды құрбандыққа ұсына алу,
Ең үлкен, ең кіші қару.
Жаныма көрік беріп, көңілім толатындай,
Жан досым болып келіп,
Дұшпаным болатындай —
Өмір.
Ол жанның тұла бойы тауларды мүсіндепті,
Ол жанның бір-ақ ойын
Адамдар түсінбепті —
Өмір.
Жан-жақтан кіріп келген елестер,
Түбінде дос қылды мені саған беретін кеңестер.
Іштей елестеттім мен де осы күнді,
Енді арқалаймын осы мұңды.
Негізі жүруге болады күнде бас иіп,
Өзіме өзімнің де жаным ашиды.
Қалауым қалағанда бірден орындалса,
Мен сені 18-де алар едім, жаным, әшейін.
Қоштасатын уақыт келген сияқты,
Маған деген сезімдерің өлген сияқты.
Мен сенің сезіміңді қатты құрметтеймін,
Оны ішің сезіп, қазір білген сияқты.
Бізден кейін де, бізге дейін де
Қосылмай кеткен шын ғашықтардың бәрі
Бір-біріне шын бақыт тілеп жүрген сияқты.
Жаныма көрік беріп, көңілім толатындай,
Жан досым болып келіп,
Дұшпаным болатындай —
Өмір.
Ол жанның тұла бойы тауларды мүсіндепті,
Ол жанның бір-ақ ойын
Адамдар түсінбепті —
Өмір
Kalifarniya Lyrics
- Kalifarniya, Kairat Nurtas – Ademi
- Kalifarniya & Turar – Quyrshagym
- Kalifarniya – Qylyq
- KALIFARNIYA – ALMATY
- Kalifarniya & Мирас Жугунусов – Qymbattym (қымбаттым)
- Kalifarniya – Өмір
- KALIFARNIYA – HELLO
- KALIFARNIYA – PUERTO – RICO
- Kalifarniya – Olai
- Kalifarniya – LIRIKA
- Kalifarniya – KESHIR
- Kalifarniya – RISK
- Kalifarniya – Give it to me