Марат пен Жанна — Кездер-ай Lyrics
Сөзі:
Ей, сұлу қыз қарындасым қалайсыз?
Қылдыңыз ғой мені ғашық абайсыз…
Аға-аға, деп сызылып жүріп ап,
Ала көзбен енді неге қарайсыз?
Мына жастық жалындаған шағымда,
Ағасың ғой енді маған расында.
Қырындауға ұялсайшы ағам-ау!
Қартайдың ғой қарасайшы жасыңа.
Кездер-ай! Кездер-ай!
Бақытты біздің күндер-ай!
Күндер-ай! Күндер-ай!
Сырласқан сол бір түндер-ай!
Қараттың ғой өзіңе сен ақыры,
Болсадағы арамыз көп шақырым.
Алматыдан Оралға сен әкеттің,
Енді отырмын баламен таң атырып…
Сені мен де ұзақ уақыт іздегем,
Енді бағым сені қалай жіберем?
Бар мақсатым ұстап қалу өзіңді,
Өзің болдың жарым менің көздеген!