Meirambek Besbayev & MIRJAN — Ұнатып қалдым Lyrics
Сөзі:
Мейрамбек Бесбаев & Миржан.
Әні. Ғ.Шекербек, Е. Ғаббас.
Сөзі: Қалижан Білдәшов.
Тең емес өзге ешкім
Сұлусың кербезсің
Сен қайдан кездестің маған.
Сезім дегенің сағым,
Ұмыттырады бәрін.
Ал махаббат сөнбейтін алау от жалындаған.
Ойымды айтсам нақты
Ұнатып қалдым қатты
Қылығың балдай тәтті
Ботадай көзің жайнап
Бұлбұлдай бақта сайрап
Алдың ау жіпсіз байлап.
Күйем сезімің шоқта болса
Сүйем салсаңда отқа қанша
Жұмыр жүрегім тоқтағанша
Қылығы қыз баланың
Осы қалпыңды бұзба жаным
Сені бәрінен қызғанамын
Сенімен үйлесемін
Сенсіз мұң күй кешемін
Сүймесең сүймес едім
Ойымды айтсам нақты
Ұнатып қалдым қатты
Қылығың балдай тәтті
Ботадай көзің жайнап
Бұлбұлдай бақта сайрап
Алдың ау жіпсіз байлап.