Мейір Қайрат — Бір досым бар Lyrics
Бір досым бар нағыз еркек, дара-мықты,
Бір досым бар мойындатқан даналықты.
Бір досым бар ұмтылатын алға қарай,
Бір досым бар еске салар балалықты.
Бір досым бар шаттық нұрын үйіп төккен,
Бір досым бар мерейімді биіктеткен.
Бір досым бар бала кезден дос боп жүріп,
Ал соңында қу дүниені сүйіп кеткен!
Е-е-е-й, достым-достым,
Күттім-күттім сағынышпен тостым-тостым.
Е-е-е-й, достым-достым,
Мен бәріңді осы әніме қостым-қостым!
Бір досым бар бірге нанын жесек дейтін,
Бір досым бар ішкенін де есептейтін.
Бір досым бар көріскенде мақтап алып,
Ал сыртымнан ғайбат айтып өсектейтін.
Бір досым бар шақырғанда келе алмайтын,
Бір досым бар мені мүлде көре алмайтын.
Бір досым бар жоқ болса да жаны қалмас,
Бір досым бар – бар болса да бере алмайтын.
Е-е-е-й, достым-достым,
Күттім-күттім сағынышпен тостым-тостым.
Е-е-е-й, достым-достым,
Мен бәріңді осы әніме қостым-қостым!
Е-е-е-й, достым-достым,
Күттім-күттім сағынышпен тостым-тостым.
Е-е-е-й, достым-достым,
Мен бәріңді осы әніме қостым-қостым!
Е-е-е-й, достым-достым,
Күттім-күттім сағынышпен тостым-тостым.
Е-е-е-й, достым-достым,
Мен бәріңді осы әніме қостым-қостым!