Мейіржан Сарсенали – Сен бар болсаң Lyrics
Терең ойдың малтығып теңізіне,
Жалауласа жабырқау жанымда мұң.
Асыққаны ол жүректің егізіне,
Самал лебін сезініп сағынғанның.
Арманымның жете алмай ақ шыңына,
Сарсаң көңіл байқатсам сабылғанын.
Тіршілікте мейірімге тапшы мына,
Қандай бақыт қасымнан табылғанын.
Жаңғақтайын жарылып жарда піскен,
Жұртқа жұмбақ босаңсып шағылғаным.
Адасқанда ақылым жолға түскен,
Ұшқын алып өзіңнен жалын жаным.
Қамшылаған арымды енжар болсам,
Тағдырыма таңбадай тағылғаным.
Бəрін жеңіп шығамын сен бар болсаң,
Қандай мықты жігітпін бағым қалың.