Нұрбай Атамұрат — Өмірімді арнап қойғам Lyrics
Сөзі:
Нурбай Атамурат — Омиримди арнап койгам / Nurbai Atamurat — Omirimdi arnap qoigam.
Қызығы таусылмасын бұл әлемнің,
Келеді ме жанымда тұра бергің?
Бір екі күн кездеспей қалып едік,
Сен кенеттен өкпелеп шыға келдің.
Мені бос кінәләмай жан жақты ойлан,
Бұл жәй бір сөзім емес алдап қойған.
Сен маған уақыт бөл деп өкпелеме,
Мен саған өмірімді арнап қойғам…
Сезімім саған деген жоғары әлі,
Жүректің одан басқа жоқ амалы.
Бір күн мені көрмесең өкпелейсің,
Бір апта кездеспесек не болады?
Мені бос кінәләмай жан жақты ойлан,
Бұл жәй бір сөзім емес алдап қойған.
Сен маған уақыт бөл деп өкпелеме,
Мен саған өмірімді арнап қойғам…