Nurbullin – Жетпей тұр маған бірдеңе Lyrics
Жырымды жаздым күнге де
Сырымды айттым түнге де
Жаныңның отын үрлейтін
Жетпей тұр маған…
Жетпей тұр маған бірдеңе!
Көңілім саған ауады
Жаныма тапшы дауаны
Жүректен шыққан деміңмен
Жұтқызшы ыстық ауаны
Үндеме жаным үндеме
Мұңымды шақтым гүлге де
Бәрі де жақсы десем де
Жетпей тұр маған
Жетпей тұр маған бірдеңе!
Жетседе қолым жүлдеге
Тұрсамда сөйлеп мінбе деп
Жаныма дауа болатын
Жетпей тұр маған
Жетпей тұр маған бірдеңе!