Нурсултан Нурбердиев, Рахымжан Жақайым — Бір бойдақ Lyrics
Сөзі:
Бойдақ едің сен кеше
Жететін тез кел десе
Шығалмайсың ендігі
Жарың рұқсат бермесе
Достарменен сұр бойдақ
Бірге күлген, бірге ойнап
Бүгін қазақ елімен
Қош айтысты бір бойдақ
Қ-сы:
Көз саласың мың гүлге
Сөз саласың бір гүлге
Қайран солай бойдақтық
Қол бұлғайды бір күнде
Бірге өтетін өмірің
Жарыңның тап көңілін
Жойып таста дос болған
Қыз біткеннің нөмірін
Айсұлу боп сырласың
Күнсұлу боп мұңдасың
Нұрсұлудың номері
Нұрсұлтан боп тұрмасын
Қ-сы:
Көз саласың мың гүлге
Сөз саласың бір гүлге
Қайран солай бойдақтық
Қол бұлғайды бір күнде