Нұржан Керменбаев — Сенімен Lyrics
Сенің жүзіңнен сезімді көрем
Бақытқа толы кезімді көрем
Жаралағанда, жаным ауырғанда
сенімен емделем
Сенің көзіңнен өмірді көрем
Кіршіксіз таза кезімді көрем
Тек бір өзіңнен ғана сәуле көрем жаным
көрінбеген өзгеден
Жарық бердің жанға қаранғы
Емдеп алдың ескі жарамды
Менде сенің барың боламын, бағың боламын
жаның боламын, жарың боламын
Сенімен мағыналы мәнді менің өмірім
Менімен жайланады сенің нәзік көңілің
Бірімізге-біріміз тағдыр таңдаған
Жандармыз біз егиз
Сенің жаныңда шынайымын мен
Жадыраймында шынайы күлем
Қымбатсың маған әліде жұмбақсың
сендей жанды іздегем
Сенің жанында арманға сенем
Жарық дүние жалғанға сенем
Тек бір өзіңнен ғана сәуле көрем жаным
көрінбеген өзгеден
Жарық бердің жанға қараңғы
Емдеп алдың ескі жарамды
Менде сенің барың боламын, бағың боламын
жаның боламын, жарың боламын
Сенімен мағыналы мәнді менің өмірім
Менімен жайланады сенің нәзік көңілің
Бірімізге-біріміз тағдыр таңдаған
Жандармыз біз егиз
Сенімен мағыналы мәнді менің өмірім
Менімен жайланады сенің нәзік көңілің
Бірімізге-біріміз тағдыр таңдаған
Жандармыз біз егиз (х2)