Нұргүл Кенжебек – Жігіт сендей болсын Lyrics
Сырбазым сөзіңе еріп,
Бал күнім оралса.
Бақыттың өзі келіп,
Кұшақтап қол алса.
Салмағы сынақтардың,
Сен барда жоқ онша.
Жігіт деген сендей болсын, бола алса.
Сұлудың қадірін білген,
Жігіт сендей болсын.
Айтсаң әмірің жүрген
Жігіт сендей болсын.
Кең жүрегі той-көктем,
Үндеместі сөйлеткен,
Сендей жанға бойжеткен көнбей көрсін.
Жалғанда жабырқасам,
Жанарым мөлдіреп,
Тағдырға таңырқасам,
Шаттығым келді деп,
Жанымда сен жүресің,
Көңілің елжіреп,
Жігіт деген сендей болсын Ержүрек!