Қазыбек Құрайыш — Сені іздеп Lyrics
Сөзі:
Казыбек Курайыш — Сени издеп / Kazıbek Kwrayış — Seni izdep.
1. Жүрегіміз жақын, алыс арамыз тек
Топ адам көрсем, сені қалам іздеп
Әлі журіп келемін, әлім құрып,
Жол соңында жолығып қаламыз деп.
Тыныштықтың сыйлары күдік қана
Сенерім бұлыңғыр бір уміт қана
Біраз жылдар өтіпті , өкінішті
Сені тек аңсауменен журіп қана.
2. Түсінбейді көбісі , түсінемін,
Сынаған мені бұлай күші ненің ?
Сені ойлап, кей-кейде бөртіп денем,
Жылы күнде біртүрлі үсінемін.
Сұр бұлт, сұр адамдар, сұр айналам,
Несіне көрінеді бұлай маған?
Диірменінде өмірдің дәрмені жоқ ,
Дөңгелек бір секілді шыр айналам…