Қуандық Рахым & Нұртас Қайратұлы — Сарғайған сағынышым Lyrics
Сөзі:
1) Есіміңді мәңгі жазып жүрегіме,
Есіл ойлар кеудемде сан түнеді де.
Мендік жүрек бір сәтке де тағат таппай,
Жан қалауын күтуменен жүдеді де.
[Қайырмасы:]
Бір мезет күлсең,
Жанымда жүрсең,
Лаулаймын, жалын ішім,
Әнім деп бір сен,
Бағым деп білсең,
Жүректің жалынысың.
Бұлт басқан күндей,
Түнердің күлмей,
Барады жанып ішім,
Күрең күз — кеуде,
Жайғастың төрге,
Сарғайған сағынышым.
2) Сене алмай естісем де шешіміңді,
Үмітпенен қайта қақтым есігіңді.
Әттең айнам, шалыс бастым!
Кеш ұғындым.
Шын сүйген жан болмас па еді кешірімді.
[Қайырмасы:]
Бір мезет күлсең,
Жанымда жүрсең,
Лаулаймын, жалын ішім,
Әнім деп бір сен,
Бағым деп білсең,
Жүректің жалынысың.
Бұлт басқан күндей,
Түнердің күлмей,
Барады жанып ішім,
Күрең күз — кеуде,
Жайғастың төрге,
Сарғайған сағынышым.