Қыздархан Еркінқызы — Ел не дейді? Lyrics
Сөзі:
Эх шіркін сезім деген қандай
Мен айтсам қағасыздар таңдай
Сөзіне сенбедім
Жассың ғой сен дедім
Сезімнің білмейтін не екенін
Сонда да қайтпады
Көп екен айтпағы
Бас қатты енді мен не етемін
Оңынан туар ма Айым ?,
Мен Ерке ол сонда Райым.
Ойланайын әрі
Ел не дейді әлі
Дүрсілдеп барады Жүрегім
Сезімге масайып
Қалдым ба жасайып
Кірді ма дегенде есім
Байқаймын сөздерің де мәнді
Өртеді, жылытты жанды
Әлі көп сұраймын
Мен қалай ұнаймын
Сонда да күмән мен қараймын
Ұқтырып көзбенен
Шектелме сөзбенен
Мен үшін Ер ісі маңызды