Роза Әлқожа – Қайран жастық Lyrics
Айтпаған әнім қалды -
Домбыра шанағында.
Көрмеген сәнім қалды -
Тірліктің талабында.
Шықпаған жаным қалды –
Сөнбеудің амалында.
Жүрмеген жолдар қалды –
Жылдардың жанарында!..
Қайраңда қайраңдаған, қайран, жастық,
Өкініп, опынсаң да қайырылмас түк.
Сырыңды таңға айтатын досың қайда,
Пайғамбар қоспап па еді айырылмас қып?!.
Өлмейтін сезім қалар –
Үміттің үлесінде.
Көнбейтін кезің қалар –
Күйбеңнің күресінде.
Бітпейтін төзім қалар –
Байланған бір есімге.
Өзіңмен өзің қалар
Кез келер білесің бе?!