Нұрлытаң Саятқызы – Жұбаныш Lyrics
Мұңды жанар күлімдесе,
Себеп болған өзіңсің.
Жанды кайғы тілімдесе,
Керек болған өзіңсің.
Ауа, су мен асым сынды,
Қорек болған өзіңсің.
Мың еркектен асыл сынды,
Бөлек болған өзіңсің.
Ару серттен айнымайды
Жүрегінен төр берсе.
Ойды ұмытып қайғы жайлы
Күтем сені келгенше…
Сөздеріңе сенбей калсам,
Туар қайғы, күн мазаң.
Сен қанша рет келмей қалсаң,
Мен сонша бет жыр жазам…
Білем жүрек бар екенін
Жұмыр қылған сен едің.
Сезім өмір сәні екенін
Ұғындырған сен едің.
Тәтті үмітке бағындырып,
Ұйқымды алған сен едің.
Шыдамастай сағындырып,
Сиқырлаған сен едің.