Сатиев Аманкелді — Ұмытайыншы Lyrics
Ұмытайыншы
Сол бір шағымды…
Жылытайыншы
Тонған жанымды
Бізге келгенде
Тағдыр неліктен
Жолы тарылды..
Бағалайыншы
Менде барымды, жаным
Мен салайыншы
Сен деп әнімді
Өткен уақытым,
Күткен бақытым
Жылдан жаңылды.
Ұмытайыншы, сөзіңді тәтті
Ұмытайыншы, оралмас шақты
Кешіре алмаймын, есіме алмаймын
Сол махаббатты.
Ұмытайыншы, естелік сәтті
Ұмытайыншы, сен жазған хатты
Болма жаралы
Сонда да бәрі жаныма батты…
Ұмытшы мені, мен де сені ұмытамын
Қозғама жаным
Жаралы жүрек мұң тыңған
Қосылу қиын, бір болмаймыз өмірде
Бақыт тілеймін енді жаным сыртыңнан…
Ұмытайыншы келмес күндерді, жаным
Жарық жұлдызы сөнбес түндерді
Жыл өткенімен
Суреттеріңмен сөйлескім келді.
Барады жанды
Сөзін жұбатып жаным
Қосыла алмайтын
Сезімді күтіп нәзік жүрегім
Жазылды менің
Өзіңді ұмытып…
Ұмытайыншы, сөзіңді тәтті
Ұмытайыншы, оралмас шақты
Кешіре алмаймын, есіме алмаймын
Сол махаббатты.
Ұмытайыншы, естелік сәтті
Ұмытайыншы, сен жазған хатты
Болма жаралы
Сонда да бәрі жаныма батты…