SazMen тобы — Неге, неге Lyrics
Сөзі:
Жалғыз жүріп бақыт таппай бұл өмірден
Мені жақсы көріп қалдың білемін мен
Айналаңда жүргендерді қызғандырып
Айналайын мені сүйген жүрегіңнен
Әттең, әттең арамызды бөліп тұрған
Бір кедергі сен қалалық, мен ауылдан
Шыныменен сүйер болсаң жаным «merci»
Ермек қылсаң қоштасайық кешір сорри
Ей, неге неге жаным сені сүйдім?
Сезіміңе мен өртеніп күйдім
Оу, жүрегімді саған ғана қидым
Неге, неге, неге, неге деймін?!
Қинаса да тағдырымның жолы мені
Тек өзіңмен өткен күндер өмір еді
Саған ұқсас бір сұлу бар оның өзі
Сен айнаға қарағанда көрінеді
Сен қуансаң қуанамын бірге күліп
Ауырлықты көтеремін бірге бөліп
Шыныменен сүйер болсаң жаным «merci»
Ермек қылсаң қоштасайық кешір сорри