Серікболсын Әбікенов — Күзгі нота Lyrics
Сөзі:
Кешірек кезіктірген бізді, ботам,
Мен осы қаздар қайтқан күзді ұнатам.
Сарғайған жапырақтың сыбдырынан,
Күй болып төгіледі күзгі нотам.
Кім айтты көңілсіз деп күздің әні?
Күзсіз де айналамның мұңлы бәрі.
Көшіне қайтқан құстың көз талдырып,
Төбемде тұнық аспан тұнжырады.
Бөлеген жылуына жанымды ізгі,
Күздің де келбетіне сағым жүзді.
Жабырқап жаным жалғыз қалғанымен,
Бәрібір жақсы көрем, жаным, күзді!
Түсімде талықсыған күзді көрем,
Толқынға талай қарсы жүзді кемем
Іңірде ізі қалған қарашадан,
Көшірме бар болғаны біздің өлең.