Yenlik – Ökpeletpe Lyrics
1.Өкпелемеймін,
үнсіз, есептеспеймін
Енді әсер етпейді сөздер мм
Ұстап, түстеймін,
мында тереңдік іздеймін,
Мұң еш көмектеспейді, бекер мм
Әткеншектей күй, қалыпты күйдей
Ересек өмірім, қызықсыз бидей
Себебі не екен, м үйренем бе екен
Ойдағы арман есті ме екен?!
Тексеретін енді оны кім екен?
Ойнап, сынайды ме екен мені?!
Тек өкпелетпе,
мені көп сен ренжітпе.
Кім білед, бір мезетте
Өзгерер мінезімде
2.Өмір бар ма ұрыспай,
Түсінгендер бірін көзді ашып,
Тіптен кетеміз ғой біз қашып
Әлді, әлсіз тіркеске тең
Соңы жоқ ерегес емес пе екен?!
Мені кінәлама, енді не істейін
Несі айып?
Енді қыстама мінезімді, басу айт
Күнде емес қой ойларымыз келіспей,
Қалатыны, кетеді бәрі ертең елестей бір
Ұрыс керістер бітпей(ді)
Сезімге ерік бер, айт
Ішіңде толған кей
Сөздерді айтшы тез айт (x2)
Тек өкпелетпе,
мені көп сен ренжітпе.
Кім білед, бір мезетте
Өзгерер мінезімде