Yesset myrza — Oinama! Lyrics
Сөзі:
Сені іздейді көздерім.
Көздерімнен оқы менің жүрегімнің сөздерін.
Қалай ғана сезбедің.
Шын сүйгенім басқаларды көрмегенім ол менің.
Абайла, алайда қорықпа жарай ма?
Маған жаным керегі жоқ өзгенің.
Ойнама сен ойнама.
Жүректі қинама.
Сен де мендей сүйе алмасаң маған үміт силама.
Ойнама сен ойнама.
Басқаша ойлама.
Бағаласаң бақытыңмын, бақытыңды байлама.
Түндерде көз ілмедім.
Көңілімді баурап алды төмен қарап күлгенің.
Қолым жетпес күн бе едің?
Бос әуре ме жүрегіммен арпалысып жүргенім.
Қалама, қарама, сен бірақ бағала.,
Қымбат маған қадірімді білгенің.