Ұлмекен Бегалиева – Қыз ұзату Lyrics
Жарығым жаным күнім,
Табылып бағың бүгін.
Барасың ұзатылып, гүлім!
Қазақтың ғұрпын сақтар,
Келін бол жұртың мақтар,
Жалғайтын аналардың, ізін
Кеңейтіп керегеңді,
Көрсетіп өнегеңді,
Үлгі қыл Айғаныммен
Зерелерді
Ерке өскен елігім ең,
Жібектей көрігіңмен,
Алтыным бақытты бол
Серігіңмен
Ұлжандай ана болшы,
Ұлпандай дара болшы,
Көтерер дүйім елдің, жүгін
Келісіп дәулетіңде,
Жарқыным әулетіңде,
Әрдайым жарық болсын, жүзің
Сақшы бол жанұяңа
Салт-дәстүр, ар ибаңа
Қос апаң Мәншүкпенен
Әлиядай
Еліңе өнегелім,
Деп аттан көгеремін,
Бағыңды баянды етсін
Төлегенің