Жадыра Қайнар – Әдемі Lyrics
Ауылымның гүліндей,
Балғын шақтың үніндей,
Жайнап өсті Әдемі,
Артық сөзге ілінбей.
Білім алып жоғары,
Маман болды бағалы.
Ондай жандар, әрине,
Көпшілікке жағады.
Әдебі де, әдебі де әдемі,
Әлемі де, әлемі де әдемі,
Сәлемі де, сәлемі де әдемі,
Ол қыз ең әдемі.
Әдебі де, әдебі де әдемі,
Әлемі де, әлемі де әдемі,
Сәлемі де, сәлемі де әдемі,
Ол қыз ең әдемі.
Дәл өзіндей салмақты
Парасатты жан тапты.
Келін болды бір елге,
Мақтан етер,ардақты.
Дақ жуытпай арына,
Сүйеу болды жарына.
Ұл-қыздарын өсірді,
Жалау етіп жанына.