Жанболат Ұзақбай — Ақ таңдай Lyrics
Сөзі:
Махаббат әлемінде,тербеді бір сәт жанды үміт
Дәрусің жан еміне шырқаймын сені ән қылып
Бақытқа лайықтысың еркеле еркем мен барда
Жүректің ең түбіне сақтаймын сені мәңгілік
Ай жаным ақ таңдай
Мінезің нәзік мақпалдай
Кезіктіріп сендей жанды
Басыма менің бақ қонд(ы)ай
Ай жаным ақ таңдай
Сұлуым менің ақ маңдай
Бір өзің барда өмірім
Жадырап бара жатқандай
Теңеймін бүршік жарған нәзік гүліне көктемнің
Оятып сезімімді алаулап жанға от бердің
Жарқыра саф алтындай,махаббатым ау сен менің
Маңдайыма жазылған тағдырдың сыйы боп келдің